Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағалауы бойынша, сандық технологияларды қолданудан жалпы экономикалық тиімділік жылына шамамен $25 млрд құрауы мүмкін. Ең үлкен нәтиже қызмет көрсету саласында — жылына $15 млрд-қа дейін, ал тау-кен өндіру саласында – $9 млрд-қа дейін күтілуде.

Форум аясында 12 қарашада «Mining Goes Digital — Kazakhstan» тау-кен саласын цифрландыру бойынша бірінші халықаралық конференция өтеді. Конференция тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарында сандық технологияларды енгізудің экономикалық тиімділігін бағалау үшін платформаны ұсынады және жасанды интеллект, машиналық оқыту технологияларын, үлкен деректерді талдауды, сандық және спутниктік мониторинг жүйелерін, интернет заттарды, блокчейн және т. б. пайдалана отырып, тау-кен металлургиялық және тау-кен өндіруші кәсіпорындарды цифрландыру мысалдарын ұсынады.

Mining Goes Digital – экономиканы цифрландыру, стратегиялық металдар мен минералдарға сұраныстың өсуі дәуірінде жер қойнауын пайдалануды дамытудың проблемалары мен перспективаларын талқылау және барлауды және өндіруді басқарудан бастап жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік реттеуге және ақпаратты ашуға дейінгі тау-кен саласының барлық аспектілерінде тиімділікті арттыру үшін Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі жаңа алаң.

Алдыңғы конференция МАЙНЕКС Ресей 2019 форумында өтті. Конференция барысында тау-кен саласы кәсіпорындарында өндірістік және басқару үрдістерін оңтайландыру үшін сандық технологияларды енгізудің 20-дан астам үлгісі қарастырылды.

Салалық сессиялар

Конференция бағдарламасы тау-кен өндіру саласындағы үрдістер, технологиялар және сандық трансформация мысалдары ұсынылатын сессиялар блогын біріктіреді.

Көрме

Конференция аясында тау-кен саласы кәсіпорындары үшін сандық шешімдер көрмесі өтеді. Конференцияның көрме алаңы өндірістің әртүрлі сегменттерін цифрландыру технологиялары мен шешімдерін көрсетуге мүмкіндік береді.

МайнДиджитал

«Mining Goes Digital» конференциясы аясында МайнДиджитал (MineDigital) байқауы өткізіледі. Қатысуға Қазақстанда және одан тыс жерлерде тау-кен саласы үшін сандық шешімдерді әзірлеген және енгізген IT компаниялар, стартаптар мен кәсіпорындар бөлімшелері шақырылады.

Конференцияның тақырыптық бөлімдері

  • Тау-кен өндіру саласы кәсіпорындарының сандық трансформациясы – бизнес мақсаттарға бағыттау.
  • Технологиялардың өтелімділігі. Цифрлаудан әлеуетті әсерді анықтау және оны жүргізуге арналған шығындарды азайту.
  • 4.0 индустриясы: сандық құралдармен өндірістік жүйені қалай қосуға болады?
  • 4.0 персоналының мәдениеті мен құзыретін дамыту. Цифрлық экономикадағы еңбек дағдыларының рөлі.
  • Тау-кен өндірісіндегі технологиялық процестердің тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллектті қолдану мысалдары.
  • Сандық дәуірге дейін құрылған өндірісте сандық технологияларды қолданудағы компаниялардың тәжірибесі.
  • Салалық цифрлық инновациялық хабтар құру.
  • Мұнай-газ саласынан сандық технологиялар трансферінің мысалдары.
  • Өнеркәсіптік объектілерді басқару үшін ҰҰА қолдану практикасы.
  • Геологиялық ақпаратты басқару үшін бірыңғай сандық ортаның артықшылықтары.
  • Ресурстарды бағалау үшін шартты геологиялық модельдеуді қолдану.
  • ТКБК сынама алу, өлшеу және сынау қайталанбалы процестерін автоматтандыру.
  • СПВ оңтайлы режимдерін модельдеу негізінде уранды өндірудің зияткерлік әдістері.
  • Күрделі құрылыста сандық платформаны құру.
  • Өндірісті мониторингілеу және басқару үшін кен орындарының сандық қосындарын құру.
  • Цифрландыру жағдайындағы кәсіпорындардың экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздігі.
  • Карьердегі мониторинг және қауіпсіздік.
  • Тау-кен саласында спутниктік мониторинг технологиясын қолдану перспективалары.
  • Тау-кен мобильді жабдықтары үшін тәуекелдерді басқару.
  • Инциденттерді болжау.
  • Жабдықты жөндеу және қызмет көрсету, болжамдық талдау.
  • Машиналық көру және өнеркәсіптік өндірісте машиналық оқыту.

МАЙНЕКС Қазақстан 2020 форумына қатысу шарттары

Қатысу опциясы Мастер-класстар Сандық түрлендіру конференциясы Сандық трансформация бойынша Форум + конференция Мастер-класстар + форум + сандық трансформация Форумға қатыспай конкурсқа қатысу
Коммерциялық ұйым 200 USD
75 000 KZT
325 USD
125 000 KZT
650 USD
250 000 KZT
800 USD
300 000 KZT
150 USD
55 000 KZT
Академиялық ұйым (ЖОО) 100 USD
39 000 KZT
165 USD
60 000 KZT
325 USD
125 000 KZT
400 USD
150 000 KZT
150 USD
55 000 KZT
Мүшелік пакет келесі артықшылықтарды қамтиды:
  • 2 жобаны ұсыну мүмкіндігі (әр жобаны ұсыну ұзақтығы 10 минуттан аспауы керек).
  • Баяндамашының профилін форум каталогында, сайтта және мобильді қосымшада жариялау.
  • Экранмен, проектормен, дыбыстық жүйемен және ағылшын / орыс тілдеріне ілеспе аудармалармен жабдықталған мәжіліс залын пайдалану.
  • Кездесулерді ұйымдастыру үшін мобильді қосымшаны пайдалану.
  • Таныстырылымның бейнежазбасы.
  • Іс-шарадан кейінгі есепте жобаны жариялау.